ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Әйтей негізгі орта білім беру мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная средняя школа села Айтей " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Әйтей а.
+7 (718) 394 05 57
aitei@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Әйтей негізгі орта білім беру мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная средняя школа села Айтей " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

   Мұражай – тарих айнасы. Ол тек оқушылардың өз өлкесін танып білуге ғана емес, көне жәдігерлердің сырларына үңіліп, өздеріне қажеттінің барлығын керегіне жаратады. Сыныптан тыс жұмыстарға да пайдасы зор деуге болады. Тек оқулықпен шектелмей, оқушылардың ізденулеріне ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда, жас ұрпақтың жан-жақты болуына көмегі көп болмақ.

     Әйтей ауылының негізгі орта мектебінің жанында 2008 жылы ашылған өлкетану мұражайының тұсауын ауданымыздың Құрметті азаматы, ұстаз-ардагер Садыкова Дәметкен Садыкқызы кесті.

33f492a2 29fe 4fb7 8e4d fbbe9f624585

 

9da87997 f574 4900 a46c 74be0ba2a944

 

Өлкетану мұражайында Ұлы Отан Соғысының ардагері Қалиев Сембайға арналған стенд-таныстырылымдар батырдың өмір жолы, соғыс кезінде көрсеткен ерліктері мен әр түрлі ресми құжаттар, яғни, батырдың ерлік істеріне дәлел болатын хаттамалар мен куәліктер көшірмесі, құзырлы органдардан алынған Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған құжаттар көрсетілген. Сонымен қатар баспасөз беттерінде жариялаған очерктер мен мақалалар жазылған. Мұражайда сонымен қатар еңбек ардагеріне, соғыс ардагерлеріне арналған стендтер, ауыл өмірі мен мектеп өмірін қамтитын фотаколлажпен безендірілген стендтер бар. Мұражай арқылы әр оқушы өз аталарының еңбек жолы мен ерліктерімен таныса алады. Мұражайда қолданыстан шығып, тұрмыста қолданылмай кеткен көне заттар да табылады: келі, келсап, шоқпар, көне ыдыстар мен тұрмыстық заттар баршылық.

e6d05da0 21c8 4294 b18d 65c36e9340d1

 

   «Туған жерге туынды тік» - деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Білім ордасынан түлеп ұшып туған ауылының мектебінде ұстаздық етіп жүрген және ұжымда қызмет ететін басқа мұғалімдердің атсалысуымен бой көтерген мұражайдың келер ұрпаққа берері мол  екен хақ. Атап айтсақ, мұражай туралы кеңес берген ардагер ұстаздар – Байжанов Таңат Байжанұлы, Садыкова Дәметкен Садыққызы, Қалиева Салима Сембайқызы. Ал көп жылдар мектеп қабырғасында еңбек еткен ұстаздар Арынова Ж.С., Байжанов Н.Т., Аубашева Б.Е., Сұраған Б. мұражайды қалыптастыруға тікелей үлес қосқан азаматтар.

 

© 2024. Все права защищены.