Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Әйтей негізгі орта білім беру мектебі" КММ
КГУ " Общеобразовательная средняя школа села Айтей " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
---|
30
Наурыз
2021
|
30
Наурыз
2021
|
Мұражай – тарих айнасы. Ол тек оқушылардың өз өлкесін танып білуге ғана емес, көне жәдігерлердің сырларына үңіліп, өздеріне қажеттінің барлығын керегіне жаратады. Сыныптан тыс жұмыстарға да пайдасы зор деуге болады. Тек оқулықпен шектелмей, оқушылардың ізденулеріне ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда, жас ұрпақтың жан-жақты болуына көмегі көп болмақ.
Әйтей ауылының негізгі орта мектебінің жанында 2008 жылы ашылған өлкетану мұражайының тұсауын ауданымыздың Құрметті азаматы, ұстаз-ардагер Садыкова Дәметкен Садыкқызы кесті.
Өлкетану мұражайында Ұлы Отан Соғысының ардагері Қалиев Сембайға арналған стенд-таныстырылымдар батырдың өмір жолы, соғыс кезінде көрсеткен ерліктері мен әр түрлі ресми құжаттар, яғни, батырдың ерлік істеріне дәлел болатын хаттамалар мен куәліктер көшірмесі, құзырлы органдардан алынған Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған құжаттар көрсетілген. Сонымен қатар баспасөз беттерінде жариялаған очерктер мен мақалалар жазылған. Мұражайда сонымен қатар еңбек ардагеріне, соғыс ардагерлеріне арналған стендтер, ауыл өмірі мен мектеп өмірін қамтитын фотаколлажпен безендірілген стендтер бар. Мұражай арқылы әр оқушы өз аталарының еңбек жолы мен ерліктерімен таныса алады. Мұражайда қолданыстан шығып, тұрмыста қолданылмай кеткен көне заттар да табылады: келі, келсап, шоқпар, көне ыдыстар мен тұрмыстық заттар баршылық.
«Туған жерге туынды тік» - деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Білім ордасынан түлеп ұшып туған ауылының мектебінде ұстаздық етіп жүрген және ұжымда қызмет ететін басқа мұғалімдердің атсалысуымен бой көтерген мұражайдың келер ұрпаққа берері мол екен хақ. Атап айтсақ, мұражай туралы кеңес берген ардагер ұстаздар – Байжанов Таңат Байжанұлы, Садыкова Дәметкен Садыққызы, Қалиева Салима Сембайқызы. Ал көп жылдар мектеп қабырғасында еңбек еткен ұстаздар Арынова Ж.С., Байжанов Н.Т., Аубашева Б.Е., Сұраған Б. мұражайды қалыптастыруға тікелей үлес қосқан азаматтар.