Әйтей негізгі орта мектебінде 2022-2023 оқу жылында 9 сынып, 7 комплект сыныптары бар. Оқушылар саны: 40, 15 оқушы бастауыш сыныптарда, 23 оқушы 5-9 сыныптарда қамтылған.
2022-2023 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазастан Республикасының Заңдарын және оқу-тәрбие процесінде төмендегі нормативтік құжаттарды басшылыққа алынды.
1-4-сыныптарда білім беру процесі: Бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін:
1) білімді функционалды және шығармашылықпен қолдана білу;
2) сыни ойлау;
3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;
6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
5-9-сыныптарда білім беру процесі:
Негізгі орта білімнің мақсаты – тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, тұлғаны қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге негіз жасау, оның ішінде білім алушылардың білім беруге ерекше қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеру. Негізгі орта білім берудің негізгі міндеттері білім алушылардың:
1) рухани-адамгершілік қасиеттерін;
2) ғылым негіздері бойынша базалық білім жүйесін;
3) өздігінен білім алу және тұлғалық өзін-өзі дамыту дағдыларын;
4) оқу, жобалау, зерттеушілік іс-әрекеттерін жүзеге асыру дағдыларын;
5) сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын;
6) қауымда өз қабілетін өзі іске асыру және өзара әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады.